Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАРОККО МЕШІТТЕРІНІҢ БАРЛЫҒЫНДА ИСТИСҚА НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Muslim.kz 27.11.2017 3536 0 пікір
МАРОККО МЕШІТТЕРІНІҢ БАРЛЫҒЫНДА ИСТИСҚА НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Кешегі қасиетті жұма күнінде Марокко мұсылмандары елдегі қуаңшылықтан құтқаруды сұрап, Жаратқанға жалбарынды. Мухаммед IV корольдің үкімімен бұл күндегі елдегі барлық мешітте истисқа намазы оқылып, Жаратқаннан жаңбыр тіледі.

Айта кетейік, тамыз айынан бері жалғасқан қуаңшылық елдің ауылшаруашылығына айтарлықтай зардап келтіруде. Бұған дейін Ауылшаруашылық министрі Азиз Ахеннуш Парламент алдына шығып, жауын-шашынның аз түсуі себепті егістік өнімі азайып кеткенін айтқан болатын.

Тамыз айынан басталған жауын-шашын жеткіліксіздігі азық-түліктің де жетіспеуіне әкеліп соғып отыр. Өткен аптада ғана ұнға кезек кезінде тапталып қайтыс болған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру