Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тарихта алғаш рет Сауд Арабия саяхатшыларды қабылдайды

www.muftyat.kz 24.11.2017 4307 0 пікір
Тарихта алғаш рет Сауд Арабия саяхатшыларды қабылдайды

 Сауд Арабия туристік елге айналмақшы.

Сауд Арабия үкіметі туристік саланы дамытуды көздеп отыр. Бұл жөнінде Туризм мен ұлттық мұра Бас басқармасының басшысы ханзада Сұлтан бен Сальман бен Абдел Әзиз мәлімдеген. Оның айтуына қарағанда, келесі жылдан бастап-ақ Сауд Арабиясы электронды туристік визаларды бере бастайтын болады.

Айта кету керек,  қазіргі таңда Сауд Арабиясына жыл сайын  16 миллионға жуық адам келеді екен, алайда олардың ішінде саяхатшылар жоқ, өйткені бұл Корольдікке кіру тек қажылық парызын өтеуші мұсылмандарға және іскерлік іс-сапармен немесе жұмысқа тұру үшін келетін азаматтарға ғана  рұқсат етілген болатын.  

Сауд Арабия үкіметі 2020 жылға таман жыл сайын туризмнен, ең кем дегенде, 47 миллиард доллар пайда алуды көздеп отырғандықтарын мәлімдеді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру