Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Швейцарияда исламды ресми дін ретінде танымақ

www.muftyat.kz 22.11.2017 4652 0 пікір
Швейцарияда исламды ресми дін ретінде танымақ

Швейцария саясаткерлері радикализммен күрестің пәрменді тәсілін ұсынды.

"Швейцарияда Исламды ресми дін деп тану қажет". Бұл жөнінде елдің Социал-демократиялық партиясының басшысы Кристиан Левра SonntagsZeitung баспасына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Оның айтуына қарағанда,  қазіргі таңда Швейцарияда  400 мың мұсылман тұрады, ал 60 мыңы осы елдің азаматтары болып табылады.

«Қазіргі кезде Швейцарияда 240-тай мешіт халыққа қызмет көрсетуде. Біздің елде Ислам діні өркендеп келеді», - деп айтқан болатын саясаткер. Оның айтуынша, Швейцарияда исламды ресми діни бағыт ретінде мойындау арқылы ғана діни білім алу мен дін басын қаржыландыруды шетелдің экстремистері арқылы емес, тек Швейцария үкіметімен жүзеге асыруға болады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру