Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Христиандар жаңа мешіт салуға қаражат жинап көмектесті

www.muftyat.kz 22.11.2017 3520 0 пікір
Христиандар жаңа мешіт салуға қаражат жинап көмектесті

Питер Блад – квакер, әрі ол тек Исаны ғана өзінің пайғамбары деп санайды, бірақ мұнысы оның өз қаласындағы Мұхаммед Пайғамбардың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін ұстанушыларға көмек көрсетуіне кедергі келтірмейді.

Питер және оның жұбайы Энни Паттерсон басқа да квакерлермен, сондай-ақ, католиктермен, протестанттармен, яһудилермен, буддистермен әрі мұсылмандармен бірге жаңа мешіт құрылысына қаражат жинау үшін жасалған салтанатты қонақасыға жиналды.

Greenfield Recorder-тің мәлімдеуінше, 42 коммерциялық ұйымдардың өкілдері, суретшілер әрі коммерциялық емес ұйымдар осы шараның өтуіне  демеушілік жасады.

Қайырымдылық қонақасы методистік шіркеуде өтті. Шараға келген қонақтарға Шығыс елдерінің  әртүрлі тағамдары ұсынылды, сондай-ақ, «Ислам тұлғасының» және келешекте салынатын жаңа мешіт дизайнының  тұсаукесері болды.

Аталмыш шарада орын алған аукцион аясында 19 ғасырға тиесілі қолдан жасалған кашмирлік гүлсауыт, шығыс кілемдері, картиналар және африка стиліндегі шырағдандар сатылды.

«Біз бәріміз бір қаннан, бір ДНҚ-дан жаралған бауырлармыз. Осы мешіттің салынуы үшін бізді осында жинағандарыңыз үшін рахмет. Біздің қоғамда мұсылмандар әдемі жерде құлшылық етуге лайық», - деп атап өтті Блад.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру