Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қытайлық робот дәрігерлік қызмет көрсету үшін емтихан тапсырды

baq.kz 21.11.2017 4167 0 пікір
Қытайлық робот дәрігерлік қызмет көрсету үшін емтихан тапсырды

Қытай тарихында алғаш рет «Сяо И» атты робот дәрігерлік мансабын бастау үшін мемлекеттік емтихан тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап.

Аталған емтиханды тапсыру үшін арнайы 10 сағат бөлінеді. Алайда робот бұл емтиханды небәрі 60 минут ішінде тапсырған. Мұнымен қатар, болашақ дәрігерлер емтиханнан өту үшін кем дегенде 96 ұпай жинаулары керек. Ал «Сяо И» 600 ұпайдың 456-сын жинаған. Тестіні тапсыру кезінде оны 10 маман бақылаған екен.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тестілеу кезінде «Сяо И» интернет сынды қосымша көмектерді пайдаланбаған. Тек жадындағы ақпараттарға сүйенген. Цинхуа У Цзи университеті электронды көлік құрастыру факультеті деканының айтуынша, аталған роботтың адамдарға қарағанда артықшылықтары көп. Мысалы, ол адамдарға қарағанда көп ақпаратты жадында сақтай алады. Мұнымен қатар, маман медицина саласына мұндай роботтардың керек екенін айтып өтті.

«Сяо Иды» аталған емтиханға дайындау үшін бір жарым жыл уақыт қажет болған екен. 2016 жылдың маусым айынан бастап роботты жасап шығарушылар оның жадына қажетті ақпараттарды енгізе бастаған. Бүгінде робот 60 арнайы оқулық пен медицинаға қатысты кітаптардағы ақпаратты жадында сақтап тұр. Бұдан өзге, ауруханада бірнеше рет науқастармен тәжірибе жасап үлгерген.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін қытайлық роботтың тіске арналған отаны сәтті жасағаны туралы хабарлаған болатынбыз. Ал Қытай елді-мекендерінің бірінде тек роботтардан тұратын полиция бөлімшесі ашылмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру