Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЗӘМ-ЗӘМ ҚҰДЫҒЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ (ФОТО)

 Kazislam.kz  20.11.2017 3914 0 пікір
ЗӘМ-ЗӘМ ҚҰДЫҒЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ (ФОТО)

Мекке губернаторының орынбасары, ханзада Абдулла бин Бадар бин Абдулазиз әл-Харам мешітіне келіп, Зәм-зәм суы құдығын жөндеу жұмыстарымен танысты. Ханзада Абдулла жөндеу жұмыстары жобасына жауапты инженерлермен сөйлесті.

Олар қазіргі уақытта әл-Харамның шығыс тарапынан келетін бес қызметтік көпірді тұрғызу жұмыстары аяқталып қалғанын жеткізді. Мамандардың айтуынша, қайта жөнделген зәм-зәм құдықтары жыл сайын қатары көбейіп келе жатқан қажыларды зәм-зәм суымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жоба суды сақтау, өндіру және тиімді тарату жүйесін жаңғыртуға жол ашады. Абдулла ханзада жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қажылардың қауіпсіздігін сақтау бойынша мешіт жанындағы қызметті күшейтуді үйлестіру мәселесін көтерді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру