Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті Умра мезгіліне дайын

www.muftyat.kz 17.11.2017 4133 0 пікір
Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті Умра мезгіліне дайын

Сауд билігі сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті мешітін Умра мезгіліне әзірлеп қойды.

Екі қасиетті мешіттің қорғаушысы Салман корольдің нұсқауына сәйкес  мирасқор ханзада Мұхаммед Бин Салман және Мединедегі Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешіт істері жөніндегі Төралқасы алдағы Умра мезгіліне  дайындықты тәмамдады.

Saudi Gazette мәлімдегендей, қазіргі кезде қажыларға керемет мүмкіндік жасалып, қасиетті мешіттің 100 есігі бірдей ашылды.

 «Біздің мақсатымыз Ән-Нәби мешітін әрі оның нысандарын Умра мезгіліне толықтай дайындау болатын. Біз бәрін ойластырып қойдық, ашылу мәселесі мен қақпаларды бақылаудан бастап, мешіттің іші-сыртындағы тазалықты сақтау, мүмкіндіктері шектеулі жандарды әрі денсаулығы нашар қарт адамдарды мүгедектер арбашасымен қамтамасыз ету және адасып кеткендерге көмек көрсетуге дейін», - деп атап өтті Төралқа басшысының орынбасары, доктор Әл әл-Обейд.

Оның айтуына қарағанда, жоғарыда аталып өткендерден бөлек, Умра мезгілінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кітапханасында сақталған  барлық әдебиеттер мен аудиоматериалдар қажыларға қолжетімді болмақ. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру