Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАӘ тарихтағы ең үлкен үйлену тойға дайындалуда

www.muftyat.kz 17.11.2017 3597 0 пікір
БАӘ тарихтағы ең үлкен үйлену тойға дайындалуда

БАӘ-де бірден 200-ден аса жұпты үйлендірмек.

Біріккен Араб Әмірлігі кезекті әлемдік рекорд жасауға дайындалуда. Бұл жолы – отбасын құратындардың саны жағынан тарихтағы ең үлкен неке қию рәсімі өтпек.  

25 қараша күні Әл-Айн қаласында ерекше салтанат орын алады. Осы күні 530 жігіт пен қалыңдық некелерін қияды деп жоспарлануда.

Ал аталмыш салтанат елдің 46-шы Ұлттық күнін мерекелеу күніне сәйкес ұйғарылып отыр.  

Әбу-Даби қаласының Сабағаттық кеңесінің мүшесі әрі Неке қоры істері жөніндегі комитеттің бұрынғы төрағасы шейх Мұхаммед бин Ракадх Әл-Амиридің айтуынша, көпшілік неке қию бастамасы – жай ғана мерекені тойлаудың себебі емес, сонымен қатар, жастар үшін үйлену салтанатын ұйымдастыруда қаражатын үнемдеп қалу мүмкіндігі.  

Бір қызығы, ең үлкен неке қию рәсіміне жазылу әлі де жүріп жатыр, сондықтан бұл ерекше рәсімге қатысушылардың саны күннен-күнге артуы әбден мүмкін.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру