Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Олимпиада чемпионы зілзала құрбандарына көмектесу үшін медалін сатпақшы

www.muftyat.kz 17.11.2017 3158 0 пікір
Олимпиада чемпионы зілзала құрбандарына көмектесу үшін медалін сатпақшы

Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы атанған ирандық Киануш Ростами 12 қарашада болған зілзала құрбандарына көмек қолын созу үшін өзінің алтын медалін сатуға бел буды.

Иран мен рактың шекарасында орын алған жойқын жер сілкінудің магнитудасы 7,6 балға жеткен, шамамен алғанда 452 адам осы апат құрбандары болды.

"Зілзала құрбандары болған жерлестеріме көмектесу үшін бір қадам жасауды өзімнің міндетім деп санаймын. Мен өзімнің алтын медалімді қайтарамын, ол заң бойынша иран халқына тиесілі. Медалді сатамын да одан түскен қаржыны зілзала құрбандарына жіберемін", – деп мәлімдеді Ростами.

Айта кету керек, 26 жасар Киануш Ростами екі дүркін әлем чемпионы, 2016 жылы Риода өткен Олимпиада чемпионы және 2012 жылы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру