Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дубайда төзімділік көпірі пайда болды

www.muftyat.kz 17.11.2017 3461 0 пікір
Дубайда төзімділік көпірі пайда болды

Дубай каналы арқылы жаяу жүргіншілер өтетін өткел "Төзімділік көпірі" деген атау алғанды. Бұл жайлы БАӘ-нің вице-президенті әрі премьер министрі және Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бин Рашид Әл Мактум мәлімдеді.

Өткелдің атын өзгерту 16 қараша Халықаралық төзімділік күніне сәйкестеліп жасалу ұйғарылған екен.

«Сүйіспеншілік пен төзімділік көпірлері арқылы БАӘ-нің негізін қалаушы гуманитарлық, діни және мәдени құндылықтар таралады. Ұлт пен төзімділік – бір медальдің екі беті сияқты», - деп атап өтті шейх Мұхаммед.

Дубай әміршісі  төзімділіктің келешек үшін қажетті элемент екенін, сондай-ақ, елдің әрбір тұрғынының ұлттық міндеті екендігін анықтап өткен болатын.

Сонымен қатар, ол БАӘ-де 200-ден аса ұлт өкілдері татулық пен тыныштықта өмір сүріп жатқандығын еске салып өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру