Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлын өлтірген қылмыскерді Құран жаттағаны үшін кешірмек

www.muftyat.kz 16.11.2017 3842 0 пікір
Ұлын өлтірген қылмыскерді Құран жаттағаны үшін кешірмек

Сауд Арабиясында бір мұсылман кісі ұлын өлтірген қылмыскер қасиетті Құранды жаттап алатын болса, оған кешірім беретіндігіне сөз берді.

Al Arabiya мәлімдегендей, Рабиа әл-Дусари есімді ер адам Абдулла деген ұлынан үйінің маңында болған төбелестің салдарынан айырылып қалды. Алайда сол ұлын өлтірген Файсал әл-Амери түрмеде жатып қасиетті Құранды толықтай жаттап алатын болса, баласынан айырылып, қан жұтып отырған әке оны кешіреді. 

САК-нің Шығыс аймағында орналасқан Түзету жоғары комитетінің өкілдерімен болған сұхбаттан соң ұлын өлтірген қылмыскерді кешіруге әкесі келісім берген екен. 

Өлген ұлдың әкесі материалдық өтемақыдан бас тартып, қылмыскерге тек бір ғана шарт қойыпты: түрмеден шығатын уақытқа дейін қылмыскер Құранды басынан аяғына дейін жатқа білуі тиіс.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру