Гендік инженерия бойынша АҚШ-та өткен халықаралық сайыста Назарбаев университеті студенттерінің жобасы үздік деп танылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бостон қаласында 300 студенттік команда қатысқан халықаралық сайыста Назарбаев университетінің студенттері гендік инженерия бойынша International Genetically Engineered Machine (IGEM) competition жеңіске жетті. Төрт жыл қатарынан Назарбаев университетінің 15 студенті «Алты валентті хромнан судың биоремодуляциясы» атты жоба бойынша жұмыс істеген.
Еркежан Қалиқанова, Вальдемир Ким мен Мәриям Акижанова өздерінің жобаларын АҚШ-та таныстырған. Сайыстың қорытындысы бойынша Назарбаев университеті бірінші орынға ие болды.
Еркежанның анасы Бақытгүл Сәдуәқасованың айтуынша, Назарбаев университетінің командасы әлемдік беделді деген Кембридж, Гарвард және Массачусетс университеттерін артта қалдырған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
baq.kz
16.11.2017
5222
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру