Флорида штатындағы Орландо қаласында АҚШ бойынша ең үлкен әрі ең әдемі мешіттердің бірі есігін жамағатқа айқар ашты. Мәрмер тас пен қызыл ағашты шеберлікпен қиюластырып салынған құлшылық ордасы сән-салтанаты Шығыс елдерінің мешіттерімен бой таластыруға да жарайды дейді жергілікті халық.
«Әл-Хайи» деп аталатын бұл мешіттің құрылысына жалпы сомасы 16 млн доллар жұмсалған екен. Тағы бір айта кетерлігі, аталмыш қаржыны жергілікті мұсылман жамағаты өздері жинап шыққан.
Іргетасы қаланған күннен бастап аттай сегіз жылға созылған құрылыс жұмыстарын Түркия мен БАӘ-нен келген шеберлер жүргізген.
Сондай-ақ, мешіт күмбезі гректердің Тассос аралынан жеткізілген екен. Айта кетейік, дәл осы мәрмәр тас қасиетті Қағбаның еденіне төселген.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muslim.kz
15.11.2017
4252
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру