Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам банкингін өзге дін өкілдері де таңдады

kazislam.kz 15.11.2017 3340 0 пікір
Ислам банкингін өзге дін өкілдері де таңдады

Islamic Banking Index Біріккен араб әмірлігінде осымен үшінші жыл қатарынан ислам банкингі өнімдерін тұтыну көрсеткіші өсіп отырғанын анықтады.

Зерттеу нәтижелері қазіргі уақытта әмірлік тұрғындарының 52 пайызы ислам банкингі қызметін қолданатынын көрсетті. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 5 пайызға жоғары. Ал әмірліктегі мұсылман тұрғындарының ислам банкингін қолдану көрсеткіші 7 пайызға өскен.

Emirates Islamic бас директоры Жамал бин Гхалайта БАӘ халқының басым бөлігі ислам банкингіне жақсы көзқараста екенін, бұл өз кезегінде шариғат нормаларына сәйкес өнімдері көбірек енгізуге мүмкіндік беретінін атап кетті.

Соңғы жүргізілген сауалнама бойынша, ислам банкингі үлкен сенімге ие екенін көрсетті, сондай-ақ, әмірліктегі өзге дін өкілдерінің 29 пайызы мұндай банктер депозит бойынша үздік бағалар ұсынатынын айтады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру