Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өзбекстан зиярат-туризм ұсынады

kazislam.kz 15.11.2017 3840 0 пікір
Өзбекстан зиярат-туризм ұсынады

Өзбекстан билігі Түркия, Малайзия, Индонезия мен Ресей, Татарстан елдері мұсылмандарына арнап бірқатар туристік өнімдер әзірлеп, жаңа зиярат-туризм жобасын ұсынуды жоспарлайды.

Бұл жоба аясында мұсылмандарға Өзбекстан жеріндегі ислам тарихындағы ұлы тұлғалар қабірін зиярат ету ұсынылады. Самарқанд облысы Туризмді дамыту аймақтық басқармасы басшысы Илхом Сувановтың айтуынша, Өзбекстан президенті әр облысты Ресейдің әр өңірімен екіжақты байланыс орнату үшін бекітіп те қойған. Мәселен, Самарқанд облысы Татарстанмен байланыс орнатуға жауапты.

«Біз қазір Түркия, Малайзия, Индонезия елдерімен зиярат-туризм саласында жобалар ұйымдастырудамыз. Бұл бағытты Татарстанмен де дамытамыз. Ол елдерде мұсылмандар көп, ал бізде ислам тарихына байланысты маңызды нысандар бар» дейді Суванов.

Осындай нысандар қатарында ол белгілі мұсылман мұхаддис ғалымы, имам Мұхаммед әл-Бұхаридің мавзолей кешенін атады. Айта кетсек, қазіргі уақытта Самарқандта жүздеген қонақүй бар, таяу жылдары оның саны тағы да өседі. Өзбек билігі туристік территорияларда Азия мен Еуропа елдерінен келетін туристер үшін бірқатар жаңа мейманханалар мен мейрамханалар салуды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру