Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алғаш рет доцент-араб әйел Гарвардтық шәкіртақыны иеленді

www.muftyat.kz 14.11.2017 3315 0 пікір
Алғаш рет доцент-араб әйел Гарвардтық шәкіртақыны иеленді

Иорданиядағы Хашимит университетінің доценті Рана Даджани Гарвард университетіне қарасты келешегі мол зерттеулер жүргізетін Рэдклифф институтының грантын алды.

Оқу орнының әкімшілігі мұсылман әйелдің жетістіктерін жоғары бағалап, Даджаниді көтермелеу үшін шетелде академиялық тәжірибесін өткізуге ниетті екендіктерін білдірген. Рэдклифф институты шәкіртақы бағдарламасы аясында «гуманитарлық, жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар саласында пәнаралық халықаралық ғалымдар қауымдастығын» қалыптастыру мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен 50 ғалымның басын қосады.

Даджани – Иорданиядағы черкесс және шешен тұрғындарына қатысты генетиика саласындағы көрнекті маман, оның ғылыми жұмыстарының тақырыбы диабет пен қатерлі ісіктің дамуына жауап беретін гендерді іздейтін жалпыгеномдық қауымдастықты зерттеу болып табылады.

Гарвардта Даджани жаңа зерттеулермен айналысып, кітап жазбақ ойы бар. Бұл кітабында әртүрлі мәдениетті, дінді және тәртіпті ұстанатын әйел-ғалымдардың жағдайына байланысты өз көзқарасымен бөліспек.

«Бұл тақырып біз үшін ғана емес, сондай-ақ, күллі әлем үшін де өзекті тақырып... Дүниежүзінде әйелдер ұқсас мәселелерге тап болуда», — деп атап өтті ғалым.

Осы арада айта кету керек, Рана Даджани Arabian Business баспасының нұсқауы бойынша, әлемдегі ең беделді жүз араб әйелдерінің тізіміне енгізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру