Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дубай полициясы әлемдік рекорд жасады

www.muftyat.kz 14.11.2017 2939 0 пікір
Дубай полициясы әлемдік рекорд жасады

Дубай полициясы Дубайдың мирасқор ханзадасы, Дубай Спорт кеңесінің әрі Атқарушы кеңесінің төрағасы шейх Хамдан бин Мұхаммед бин Рашид Әл Мактум іске қосқан фитнес-челленджге өз үлесін қосты.

1455 қызметкер спорттық шараға қатысып, берпи жаттығуларын жасаудан әлемдік рекорд жасады.

Шейх Мансур бин Мұхаммед бин Рашид Әл Мактум мен Дубай полициясының бас қолбасшысы генерал-майор Абдулла Халифа Әл-Марри бір уақытта берпи жаттығуларын жасауға адам санының ең көп қатысқандығын дәлелдейтін Гиннесс сертификатын алды.

Генерал-майор Әл-Марри тұрғындардың құлшынысын тудырған денсаулық сақтау саласындағы бастаманы өте жоғары бағалап, өз ойын былай жеткізді: «Дубай полиция қауымдастығы, олардың отбасы мен балаларының арасында спорт мәдениетін қалыптастырған Шейх Хамданның бастамасын ұстануға бел байладық».

Айта кету керек, берпи – бұл кроссфит тәртібі бойынша жасалатын жаттығулар, бір циклде бірден әртүрлі позициядағы  бірнеше жаттығуларды жасау. Осылайша, атлет бүкіл денесін қимылдатып, аз уақыт ішінде үлкен мөлшерде күш-қуаттын жұмсайтын болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру