Сириядан Ресейге 13 әйел мен 29 бала қайтарылды. Арасында Қазақстан және Өзбекстан азаматтары да бар. Олардың күйеуі мен әкелері ДАИШ-тың құрамында соғысуға кеткен. Бұл туралы Сириядағы Халықтық өзін-өзі қорғау отрядының (YPG) өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ге сілтеме жасап.
Аталған отряд бұрын да ресейліктерді Раккиден босатқан.
Ал Шешенстанның адам құқығы жөніндегі кеңесінің деректеріне сүйенсек, 48 адам қайтарылған. Сондай-ақ, олардың арасында тек ресейліктер емес, Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары да бар. Бүгін олар Сириядан Грозныйға арнайы рейспен жеткізіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
baq.kz
14.11.2017
3940
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру