Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана мешіттері саяхатшылардың көңілін аударуда

www.muftyat.kz 13.11.2017 4431 0 пікір
Астана мешіттері саяхатшылардың көңілін аударуда

Астаналық мешіттер шетелдік саяхатшылардың көңілін өздеріне аударуда.

«Аллаға шүкір, жылдан жылға біздің мешіттерімізге келушілердің саны өсуде, соның ішінде, шетелден келген саяхатшылар көбейді. Олардың көбі Еуропа, араб елдері, Малайзия мен Индонезиядан келген мұсылмандар. Олар елімізге біздің көркі көз тартар мешіттеріміздің ерекшеліктерімен және жалпы алғанда, мәдениетімізбен танысу үшін әдейі келеді», – деп атап өтті «Нұр-Астана» мешітінің наиб имамы  Марат Бектазинов астаналық әкімдік медиаорталығына берген сұхбатында.

М. Бектазиновтың айтуына қарағанда, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өтуіне дайындық кезеңінде астаналық мешіттердің қызметкерлері шет тілдерін үйренген болатын.

«Осыдан бір жыл бұрын Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен имамдар ағылшын тілін оқып үйренді. Сонымен қатар, көптеген имамдар араб тілін де жетік біледі», – дейді Бектазинов.

mMY P8RfQ6Y

733275 1441704425

m5q9S2SVnbj2rf1j md

501573 1441716183

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру