Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауд Арабия королі Пайғамбар мешітінде намаз оқыды (ФОТО)

www.muftyat.kz 13.11.2017 3748 0 пікір
Сауд Арабия королі Пайғамбар мешітінде намаз оқыды (ФОТО)

Екі қасиетті мешіттің қызметкері, Сауд Арабия королі Салман ибн Абдул-Әзиз Әл Сауд Медине қаласында болып қайтты. 

Saudi Gazette мәлімдеуінше, қасиетті қалада оны Медине қаласының әміршісі ханзада Фейсал бин Салман және басқа да жоғары шенді тұлғалар күтіп алды. 

Қалаға табаны тие салысымен, сауд королі ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етіп, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітінде намаз оқыды.

Сондай-ақ, ол Мединеге жасаған іс сапарының барысында жақын уақытта осы қалада іске асыруға жоспарланып отырған 21 жобаны ұсынды. Аталмыш жобалар, бірінші кезекте, Мединедегі және оның маңындағы мекендерде өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Дәлірегінде, бұл жобалар  жаппай электрлендіруге, ауылшаруашылығын қолдауға, білім алуға және транспорт инфрақұрылымын жақсартуға арналған.

Король Саудовской Аравии совершил намаз в мечети Пророка (Фото)

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру