БАӘ Emirates Transport (ET) алғаш рет мектепке арналған электрлі автобусты сынақтан өткізді.
Shanghai Sunwin Bus Cooperation корпорациясымен бірлесе отырып жасалған 45 орындық транспорт «әлемдегі осындай жобалардың алғашқысы» деп аталды.
ET-тің бас менеджері Мұхаммед Абдулла Әл-Жарманның сөзіне қарағанда, аталмыш мектеп автобусының атмосфераға залалды заттарды шығару көрсеткіші нөлге тең және бұл үкіметтің «жасыл экономикаға» қатысты салған күш-жігері болып табылады, әрі өңірдегі және халықаралық деңгейдегі осындай бастамалар БАӘ-ін көшбасшылыққа жетелейді.
Автобус елдегі мектеп транспорт қағидалары мен сипаттамаларына сай жасалған. Кәдімгі қарапайым өткізілген сынақтарға қосымша автобус үш ай бойы әртүрлі сындардан өткен.
ЕТ автоқызмет көрсету бөлімінің атқарушы директоры Амер Әл Хармудидің айтуынша, елдегі нақты климат жағдайларына сәйкес өндіру кезіңіндегі маңызды техникалық фактордың бірі ауа баптау жүйесінің тиімділігін түзету болған және бұл мектепке арналған транспорт түрі екендігі де ескерілген.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
09.11.2017
3635
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру