Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Танымал актер үйлену тойында Балалар үйіне дастарқан жайды (ФОТО)

Kazislam.kz  09.11.2017 4796 0 пікір
Танымал актер үйлену тойында Балалар үйіне дастарқан жайды (ФОТО)

Алғаш рет «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы танылып, «Небо моего детства», «Бауыржан Момышұлы» және тағы да басқа туындыларға түскен актер Асылхан Төлепов үйлену тойында Балалар үйіне дастарқан жайды.

Асылхан мен оның сүйіктісі Айсұлудың тойы 7 қарашада Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтті.  Үйлену тойының суреттері мен видеолары Instagram желісінде жариялану үстінде. Жас актердің өміріндегі ерекше күнмен құттықтауға оның достары мен әріптестері, елге танымал тұлғалар да келді.

Сонымен қатар, Асылхан үйлену тойы күні «Перзент» балалар үйіне барып, жетім балаларға дастарқан жайып, бір сәт олардың да көңілдерін көтеруді құп көріпті. Жас отбасы тойдың сән-салтанатты көліктермен қыдыру рәсімінің орнына осындай ізгі істі өткізуді қалаған көрінеді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру