Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медресе болашақ журналистерді дайындайды

www.muftyat.kz 08.11.2017 3288 0 пікір
Медресе болашақ журналистерді дайындайды

Үстіміздегі оқу жылында Мәскеудің мемориалдық мешітіне қарасты «Әл-Фатиха» медресесінде «Жас журналист» факультативті пәні мен татар тілін үйрету дәрістері ұйымдастырылған болатын. Бұл курс жас мұсылмандарды дарынын көрсете білуге, өз ойларын ауызша және жазбаша түрде көркем де дұрыс жеткізуге, сондай-ақ, топ болып жұмыс істеуге үйретеді.

Сабақ қыркүйектің соңында басталып, қазір өз жемісін беруде. Дәрісті балалар бөлімі оқу ісінің меңгерушісі Зифа Нуреева жүргізеді. Курсқа қатысушылар жазбалар мен мақалаларды дұрыс жазуды үйренумен қатар, сұхбат алуға, репортаж, фоторепортаж және басқа да журналистикаға қатысты дүниелермен айналысуға машықтанады.

Ал «Татар тілі» факультативінің жүргізіліп отырғанына осымен екі жыл толды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру