Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауд Арабиясында 11 ханзада мен 4 министр қамауға алынды (ВИДЕО)

kazislam.kz 06.11.2017 4196 0 пікір
Сауд Арабиясында 11 ханзада мен 4 министр қамауға алынды (ВИДЕО)

Сауд Арабиясында Корольдіктің 11 ханзадасы мен 4 министр және ондаған экс-министр жемқорлыққа жол берді деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды 24.kz.

Әзірге тұтқындалғандардың аты-жөні жарияланбай отыр. Мемлекет королі Сальман бен Абдель Азиз Әл-Сауд осылайша қызметтік лауазымын асыра пайдалану әрекеттерін түп тамырымен жоюға ниетті. Сол үшін парақорлыққа қарсы ауқымды жұмыстар бастаған. 

Айта кетейік, Сауд Арабиясының жемқорлыққа қарсы жоғарғы комитеті Корольдің жарлығымен сенбі күні ғана жасақталды. Жаңа орган тергеу жүргізіп, күдіктілерді тұтқындауға және қамауға, тіпті қажет болса, шетелге шығуына тыйым салуға құзырлы.

Сондай-ақ, сенбі күні монарх экономика министрі мен ұлттық гвардия және әскери теңіз күштерінің басшыларын жаңадан тағайындаған болатын.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру