Манчестер қаласында жүз мыңдаған мұсылмандар жыл сайын өтетін «Мұсылман өмір салты 2017» көрмесіне қатысты, деп хабарлайды ummamag.kg.
Осы шараны ұйымдастырушылардың бірі Рауф Мирза айтқандай, бұл көрме «британ мұсылмандарының жағымды өмір салтын көрсету үшін» ұйымдастырылған.
Көрмеге 150-ге жуық кәсіпорындар өздерінің сәндік бұйымдары мен азық-түліктерін қойды.
Сондай-ақ, кездесу аясында Ислам нормалары мен қағидаларына сай келетін қарапайым киімдер сән көрсетілімі орын алды.
Айта кету керек, кең көлемде өткізілген көрмеге тек қана мұсылмандар ғана емес, сонымен қатар, басқа дін өкілдері де келген.
Осы жерде еске сала кеткен жөн, Ұлыбританияда алғаш рет «Мұсылман өмір салты» 2015 жылы ұйымдастырылған болатын. Сол кезде London Muslim Lifestyle қойылымы өткізілді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
03.11.2017
4112
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру