Ұлыбритания жерінен сарматтарға тиесілі таңба табылды. Ғалымдардың айтуынша, шамамен IV ғасырда сарматтар бриттер жеріне келіп, мұнда кәдесый ретінде қалдырған. Бұл - ағылшын ғалымдарының болжамы. Енді Қазақстан тарапынан зерттеу материалдарын салыстырып, сармат тайпалары мен бриттер арасында дипломатиялық қарым-қатынас болған-болмағанын, бұл таңбаның расында сарматтарға тиесілі екенін дәлелдеу қажет.
Бұл Ұлыбританияның батыс аумағына жақын Рибчестер дейтін тарихи мекені. V-VI ғасырларда Ұлыбританияның көне тайпаларының бірі – бриттер мекен еткен. Бриттер жауынгері Артур король сол Рибл алқабына сарай салыпты. Бүгінде ғимарат Рибчестер мұражайына айналған.
1970 жылы археолог Бен Эдуардз Рибчестер жерінен таңба тауып алады. Зерттей келе, қазақ жерінде өмір сүрген сарматтар тайпасына тиесілі екенін анықтаған.
Патрик Тоставин, Рибчестер мұражайының жетекшісі:
Көне деректер бойынша, сармат тайпалары қазіргі Батыс Қазақстан жеріне еніп, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жеткен. Орал, Тобыл өзендерінің солтүстік сағаларынан Ембі өзені мен Солтүстік Каспий маңына дейін, Мұғалжар тауынан Дон өзеніне дейінгі аумақты мекендеген. Кезінде скифтерді жақтап, кейін Митридатпен одақтасып Римге қарсы соғысқан екен. Жаулап алу барысында сармат тайпаларының бірі аорстар римдіктерге көмектескен. Міне сол уақытта ежелгі рим әскері өткен Рибчестерде сарматтар таңбаны кәдесый ретінде қалдыруы мүмкін.
Патрик Тоставин, Рибчестер мұражайының жетекшісі:
Бұл таңбаның көлемі 2 см-дей. Әзірге таңбаның неден жасалғаны белгісіз болғандықтан, мамандар оны арнайы температуралық қалыпта қараңғы жерде сақтайды. Ал, мына сарматтар туралы анықтамалық бұрыш және таңба қазақ жеріне деген қызығушылықты арттырып отыр.
Шарон Томлинсон, Рибчестер тұрғыны:
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында қазақ мәдениетін, тарихын әлемге танытуға баса назар аударады. Бұл ретте ағылшын жерінен табылып отырған бұл таңба - қазақ тарихын британиялықтарға танытудың зор мүмкіндігі.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру