Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚШ МҰСЫЛМАНДАРЫ МҰҚТАЖДАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРДЫ

Kazislam.kz  01.11.2017 3158 0 пікір
АҚШ МҰСЫЛМАНДАРЫ МҰҚТАЖДАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРДЫ

АҚШ-тың батысындағы Колорадо штатындағы мұсылмандар үй-күйсіз жүрген 2 мың адамды тамақтандырды. Игі шара штаттың 20 қаласында жүргізілген, деп хабарлайды Ummamag.kg.

Қайырымдылық акциясын «Чикаго» бейкоммерциялық жоба негізінде ұйымдастырылған. Оның аясында америкалық мұсылмандар мұқтаж адамдарға тамақ таратты.

Өз іс-әрекеттерінде олар ислам қағидалары мен Мұхаммед пайғамбар сүннетін басшылыққа алған. Үйсіздерге арналған акцияны ұйымдастыруда әлеуметтік желілерде үлкен ықпал жасаған.

Желілерде тараған хабарламалар арқылы қайырымдылық шарасына көптеген еріктілер мен демеушілер табылған. Сонымен қатар, бұл шара әртүрлі конфессиялар мен ұлттардың басын біріктірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру