Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауд қыз-келіншектеріне футбол ойынын тамашалауға рұқсат берілді

www.muftyat.kz 31.10.2017 3288 0 пікір
Сауд қыз-келіншектеріне футбол ойынын тамашалауға рұқсат берілді

Енді Сауд қыз-келіншектері стадионда отырып-ақ, футболды тамашалай алатын болады. 

Сауд Арабия үкіметі нәзік жандардың құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту турасында теңдессіз шараларды жасауды жалғастыруда.  Бұдан былай, сауд қыз-келіншектеріне стадионға барып футбол матчтарын көруге рұқсат. Бұл жарлық 2018 жылдың қаңтар айынан бастап өз күшіне енбек. Осы мақсатта Сауд Арабия стадиондары арнайы түрде қайтадан жабдықталмақ.  

Естеріңізге сала кетсек, шариғат нормалары мен қағидаларын қатаң түрде ұстанатын САК-де әйелдер мен еркектер стадион және кинотеатр сияқты қоғамдық орындарға бірге бара алмайды.

Бұның алдында сауд қыз-келіншектеріне авто көлік жүргізуге рұқсат берілгендігі белгілі болды. Бұл заң Салман корольдің өзі жеке қабылдаған, аталмыш заң ендігі жылдан бастап өз күшіне енеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру