Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылман-тележұлдыз тұрмыс сәттілігінің құпиясын ашты

www.muftyat.kz 31.10.2017 3508 0 пікір
Мұсылман-тележұлдыз тұрмыс сәттілігінің құпиясын ашты

Британия танымал аспаздық тележоба жұлдызы, батыс реалити-шоуының бірінші хижабтағы жеңімпазы Надия Хуссейн өз отбасының тұрмыс ерекшеліктері турал баяндап берген.

Надия BBC Good Food журналына берген сұхбатында оның отбасы ислам дінін ұстанатындықтан Англияның дәстүрлі Рождество мерекесін тойламайтындығын, алайда демалыс және мемлекеттік мерекелер кезінде отбасымен өздерінің үйінде жақындары мен туғандарына арнап дастархан жаятындығын айтқан, - деп мәлімдеді The Daily Mail.

32 жасар аспаздықтың шебері Надия мейрам күндері тек түрлі-түсті дәмді тағамдар жасаумен ғана айналысатындығын, ал үйдің тазалығы болса жұбайы Абдалдың еншісіне тиетіндігін мойындаған.

«Біздің отбасымызда жазылмаған мынадай бір қағида бар – егер мен тағам дайындайтын болсам, онда басқа жұмыстардың бәрін, соның ішінде, үй жинау ісін де менің жұбайым атқарады», - деп ағынан жарылған ең үздік аспаз байқауының жеңімпазы.

Надия демалыс және мереке күндері балаларының демалуын қалай ұйымдастыратынын да айтып берген. Оның айтуына қарағанда, 11 жасар Мұсаның, 10 жасар Дәуідтің және 7 жасар Мәриәмның ұялы телефондағы ойындарға шұқшимай, уақыттарын қызықты да пайдалы істермен өткізгендігі маңызды екен.

Мысалы үшін, балаларды үйді безендірумен, қағаз асжаулыққа сурет салдырумен айналдыруға, сондай-ақ, пісірілген піспенанды әдемілеуге немесе үстел ойындарын ойнатуға болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру