
Салтанатты рәсімдегі Йоханнес Анъюру.
Угандадан келген мұсылман-жазушы Швецияда әдебиет саласындағы ең абыройлы сыйлықтың иегері атанды.
Жазушы Август Стриндбергтің рухына бағышталған тамыз айының сыйлығын «Олар аналарының көз жасына батуда» атты романның авторы Йоханнесу Анъюруге табыстаған.
Угандиялық әдебиетші сыйлыққа «Жылдың көркем шығармасы» номинациясы бойынша қол жеткізіп отыр.
Айта кету керек, «Олар аналарының көз жасына батуда» деген романда, егер келешекте Швеция билігіне нәсілшілдер келер болса, жағдайдың не болатыны туралы жазылған екен.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру