
Британ психологі Ричард Линн және фин саясаттанушысы Тату Ванханен бірігіп зерттеу жүргізген болатын. Бұл зерттеудің мақсаты – әлемдегі зияткерлік коэффициентінің орташа көрсеткішін анықтау.
Жалпы алғанда, сарапшылар әлемнің 80 елінінің көрсеткіштеріне талдау жасаған, - деп жазады newsturk ресурсы.
Талдау нәтижесі көрсеткендей, IQ ең жоғары көрсеткіші – шығыс Азия мемлекеттері Гонконг пен Сингапур тұрғындарында екен. Бұл жердегі зияткерлік коэффициенті орта есеппен алғанда 108-ге тең. Екінші орында – Оңтүстік Корея тұрғындары (106), ал үшінші орында – Қытай мен Жапония тұрғындары (по 105).
Тізімнің ең соңын Африка мемлекеттерінің тұрғындары иеленген екен. Соңғы орында 59 пункт көрсеткішімен – Экваториалды Гвинея.
Ресей тұрғындарының IQ орташа көрсеткіші – 97, АҚШ пен Франция - 98, Ұлыбритания - 100, Италия - 102.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру