Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дубай әлемдегі ең әсем қалалар тізіміне кірді

www.muftyat.kz 27.10.2017 5334 0 пікір
Дубай әлемдегі ең әсем қалалар тізіміне кірді

Еуропадағы Zalando ірі ритейлер неміс компаниясы әлемдегі ең әсем қалалар тізімін жасаған болатын. 

Бұл тізімнің басын дәстүрлі түрде Париж қаласы иеленген, ол осы сауалнамаға қатысқан бес мыңдай сарапшының оң жауабын алған екен. Сарапшылар жергілікті сән нарығын, сәулеттің мәдени және тарихи мағыналығын, сондай-ақ, туристердің көзқарастарын бағалаған. 

Екінші орын Ұлыбритания астанасы Лондонға тиген. Сондай-ақ, Нью-Йорк, Сан-Франциско және Сидней қалалары да осы тізімнің бас жағынан орын тепкен екен.

Таяу Шығыс қалаларынан барынша нәтиже көрсеткен Дубай қаласы. Ол аталмыш тізімнің 41 орнын иеленген. Жалпы алғанда бұл тізімге 89 әлем қаласы кірген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру