Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауд Арабия Меккені жетілдіруге ниетті екенін мәлімдеді

www.muftyat.kz 27.10.2017 4078 0 пікір
Сауд Арабия Меккені жетілдіруге ниетті екенін мәлімдеді

Мұсылман қауымының басты қасиетті орны жетілдірілмек.

Сауд Арабия билігі әлем мұсылмандарының басты қаласы Меккені жетілдіруге ниеті екені жайлы мәлімдеді.

«Келешек инвестициялық бастама» халықаралық форумда алда осы Қасиетті мешіттің қандай болатыны туралы бейнеролик көрсетілген болатын. Сауд сарапшылары Қағбаның үстіне жылжымалы шатыр жасауды жобалауда екен.

Алайда бұл бастаманы мұсылмандар әртүрлі күйде қабылдаған. Иман келтіргендердің айтуынша, бұл «исламның ең қасиетті орнының тарихи келбетін бұзады».

Мұсылмандардың айтқанына қарағанда, олар ашық аспан астында құлшылық етулері керек және «Жер бетіне Алла Тағала мейірімінің төгілуіне ештеме кедергі келтірмеуі тиіс».

Айта кету керек, Мекке мен Медине Дүниежүзілік мұра ЮНЕСКО-ның нысандары болып табылмайды, сондықтан сауд билігінің пікірінше, қажетті жұмыстардың бәрін жүргізе беруге құқылы.

Жылжымалы шатырдың жасалуы мұсылмандардың қасиетті орнында жасалатын жалғыз өзгеріс емес екен. Қасиетті мешіттің кешенін құлшылық етуге арналған 6 жаңа қабаттарды салу арқылы үлкейту жоспарлануда.  

Сонымен қатар, қосымша 21 мың әжетхана, 860 эскалатор және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 24 жедел сатының салынуы келешек жоспарда бар екен.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру