
Ірі дубайлық құрылысшы Deyaar Development Huawei компаниясымен тұрғындар үшін салынатын ғимараттарға, соның ішінде, ақылды үйлер мен инфрақұрылым желілеріне жаңа технологияны қолдану турасындағы келісімге қол қойған.
Компания басшысы Саид Аль Катамидің айтуына қарағанда, «ақылды үйлер – келешектің тұжырымдамасы емес, оны шынайы түрде қазіргі таңда салуға болады».
Келісім мерзімі 5 жыл, осы уақыт аралығында соңғы ұрпақ инфрақұрылым желілері, бұлтты технология негізіндегі қауіпсіздік жүйесі әрі өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ақылды шешімдер қолданылатын ғимараттар салынбақшы.
Бұл жерде Mont Rose, Al Barsha Hotel және Deyaar Development штаб-пәтері сөз болып отыр. Осы ғимараттарға VoIP хаттама байланысы енгізілмек. Ал Midtown жобасына қазіргі қауіпсіздік жүйесіне қосымша Huawei CCTV бұлтты шешімін енгізу көзделуде.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру