
Сауд Арабиясы радикализмнің алдын алу үшін саяси қайта құрылымдау реформасын қолға алады. Мұрагер ханзада әрі елдің қорғаныс министрі, вице-премьер Мұхаммед бин Салманның өзі дәстүрлі исламға оралатындарын жария етті. Бұл жайында "әл-Арабия" ақпарат көзі хабар таратты.
"Біз бұрынғы қалпымызға қайта ораламыз - дәстүрлі исламға. Біз экстремистік идеяға тағы 30 жылымызды сарп етпейтін боламыз, біз оны жоямыз",- деп мәлімдеді ол.
Айта кетейік, 1992 жылы қабылданған конституцияға (осы елдің негізгі низамы) сәйкес Сауд арабиясының діні - ислам, конституциясы - Құран мен Сүннет болып бекітілген.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру