Жаңашыл қала араб мемлекеттерін Америка, Еуропа, Африка және Азямен байланыстыратын болады.
Жуырда Сауд Арабияда Неом деген қала пайда болады, бұл қала жаңартпа мен сауда-саттықтың жаһандық орталығы болмақ.
Әлемдегі ең жаңашыл қаланың салынып жатқандығы туралы Сауд Арабия ханзадасы Мұхаммед бен Салман Әл-Саудтың өзі жариялаған.
«Сауд Арабия 2030 жылға дейін стратегиялық даму аясында Неом атты жаһандық жаңа ұрпақ қаласын салмақшы, бұл жаңашыл хаб өркениеттер қиылысуының жаһандық орталығына айналады», - деп келтірілген Эр-Риядта өткен Future investment initiative форумындағы жаңа жобаның тұсаукесерінде.
Аталмыш қала корольдіктің солтүстігінде орналасатын болады. Қала көлемі 25 мың шаршы километр жерді алмақ. Алдын-ала есептеу бойынша құрылыстың құны 500 миллиард доллар деп бағалануда. Бұл қала араб мемлекеттерін Америка, Еуропа, Африка және Азиямен байланыстырушы басты буын болады деп ұйғарылуда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
25.10.2017
4100
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру