Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Танымал мешіт қызғылт түске көмкерілді

www.muftyat.kz 25.10.2017 3955 0 пікір
Танымал мешіт қызғылт түске көмкерілді

Исламабадтағы «Фейсал» мешіті сүт безінің қатерлі ісігіне ұшыраған қыз-келіншектерге тілектестігін білдіру науқаны аясында қызғылт жарықпен көмкерілді деп хабарлайды ummamag.kg.

Аталмыш бастама Пәкістандағы науқастардың арасында осы дерттің ерте анықталуына қоғамның көңілін аудару үшін «Қызыл белгі» (Pink Ribbon) компаниясымен ұйымдастырылып отыр.

Бұл науқан дертінен құлан таза айығып кетуден үміттерін үзген қыз-келіншектерді рухани қолдау мақсатында жыл сайын өткізіліп тұрады.

Осы арада айта кету керек, бұл мешіттің құрылысы күллі ислам әлеміндегі дәстүрлі мешіттерге мүлде ұқсас емес. Аталмыш мешітте күмбез жоқ, ғимарат пішіні жағынан көшпенді-бәдеуидің шатырын еске түсіреді. 300 адам сыятын бұл мешіттің іргетасы 1976 жылы қаланып басталған болатын. Мұсылман ғибадатханасын салдыру үшін Сауд Арабия үкіметі 120 миллион доллар көлемінде қаражат бөлген. Кешен аумағында Халықаралық ислам университеті орналасқан.

Ерекше салынған мешіт әлемдегі ең ірі он мешіттің қатарына кіреді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру