Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Карелия үкіметі мешіттердің жетіспеуіне алаңдаушылық танытуда

www.muftyat.kz 24.10.2017 3642 0 пікір
Карелия үкіметі мешіттердің жетіспеуіне алаңдаушылық танытуда

Карелия мұсылмандары көшеде намаз оқуға мәжбүр.  

Карелия мұсылмандары жамағатпен бірге намаз оқуға орын жетіспейтінін айтып шағымдануда. Қазіргі уақытта жергілікті мұсылман қауымының жиналып намаз оқитын жалғыз орны Петрозаводскте орналасқан ислам рухани-мәдени орталығының ғимараты болып табылады деп мәлімденуде. 

Ұлттық саясат мәселелері жөніндегі республика министрлігі «қазіргі таңда көлемі жағынан шағын ғибадатханаға барлық мүміндер сыймайды», - деп мойындап отыр.  

«Мейрам күндері мұсылмандар көшеде намаз оқуға мәжбүр болуда, осылайша, олар көрші үйлердің тұрғындарына және иман келтіргендердің өздеріне де кедергі келтіреді. Осыған орай, барлық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жаңа «ғибадат мұсылман орталығын» салудың қажеттілігі туып отыр», - деп көрсетілген министрліктің өтінішінде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру