
Татарстан мұсылмандары діни басқармасы бұдан былай республика ішінде іскерлік қатынасхаттарды тек татар тілінде жүргізетін болады.
"Осы күнге дейін Татарстан Республикасы МДБ құжат айналымы орыс тілінде жүргізіліп келген, өйткені біздің ұйым РФ әділет министрлігінде тіркелген болатын. Енді осы сәттен бастап құжат айналымы Татарстанның екі мемлекеттік тілінде жүргізіледі, ал іскерлік хаттар Татарстанның ішінде тек татар тілінде ғана жүргізілетін болады», - деп атап өтті республика мүфтиі Камил Самигуллин.
"Муфтиятта және Татарстан Республикасы сыртқы келіссөздеріндегі корпоративтік ауызша қарым-қатынас тіліне келер болсақ, бұл тұста осы мәселенің ұлттық жағын саясиландырудың, ушықтырудың және қиындатудың қажеті жоқ: ауызекі тілдесу көбінесе татар тілінде өтетін болады", - деп сөзін жалғастырды мүфти.
Татарстан мұсылмандары рухани көшбасшысының түсіндіруі бойынша, соңғы кездері республика мектептерінде татар тілін оқыту төңірегінде басылмай келе жатқан дауға байланысты мұндай шешім қабылдауға тура келген екен.
Камил Самигуллиннің пікірінше, муфтияттың бұл бастамасы Татарстанда ана тілдің дамуы мен сақталуына өз үлесін қосады және республика мұсылмандары арасында төл тілдің қолдануын күшейтуге мүмкіндік береді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру