Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мекке мен Мединеде қажылардың балаларына арналған орталықтар ашылмақ

www.muftyat.kz 19.10.2017 3288 0 пікір
Мекке мен Мединеде қажылардың балаларына арналған орталықтар ашылмақ

Қажылық парызын өтеушілер көбіне өздерімен бірге кішкене балаларын да алып жүреді. 

Келешекте исламның басты қасиетті қалалары орналасқан Сауд Арабияның Мекке мен Медине қалаларында ең соңғы технологиямен жабдықталған балалар бөлмелері немесе орталықтар пайда болуы мүмкін. Бұл жерге кіші немесе үлкен қажылықтарын өтеуші қажылар уақытша балаларын қалдырып отыратын болады. Marwa ресурсы жазғандай, мұндай мекемелерді ашу жөніндегі бастаманы жергілікті педагогтер мен психологтер көтерген екен. Олардың пікірінше, бұл қызмет қайырымдылық ұйымдарының немесе символикалық төлемақы арқылы көрсетілмек.

Сонымен қатар, аталмыш орталықтар балаларды олардың ата-аналары діни жоралғыларды өтеу барысында орын алып жататын әртүрлі жағдайлар мен қауіпті жайттардан қорғайтын болады.

Дегенмен, сауд әлеуметтанушысы Газил Әл-Отайб атап өткендей, қажылыққа кішкентай балаларды алып жүру – аса қажет емес. «Жамарат-шайтанға тас лақтыру кезінде ата-аналардың кішкентай балаларын ииықтарына салып алып жүргенін талай көрген едім. Бұл жағдайда, осы жоралғыны өтеу үшін қалың адам жиналады, ал мұндай қажылар балаларының денсаулығына зиян тигізіп қана қоймай, сонымен қатар, олардың өмірлеріне қауіп те төндіреді», - деп айтқан болатын әлеуметтанушы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру