Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дубайда ерекше көлік тұрақтары пайда болды

www.muftyat.kz 19.10.2017 3432 0 пікір
Дубайда ерекше көлік тұрақтары пайда болды

 

Дубай полициясы жүргізуші қыз-келіншектер үшін полиция бөлімдерінің маңынан арнайы автокөлік тұрақтарын дайындады.

Бұл бастама Дубай полициясының бас қолбасшысы генерал-майор Абдулла Халиф Әл-Марридің бұйрығы бойынша әзірленген. Бұл қадам қыз-келіншектердің жеке өміріне қол сұғушылық орын алмас үшін жасалып отыр.

Жаңа автокөлік тұрақтарының нөмірлері мен басқа да тану белгілері қызғылт түске боялған. Оларды да бағыттауыш тақтайшалар арқылы тауып алуға болады.

Осы қызмет өкілінің айтуына қарағанда, осылайша полиция ең жоғары халықаралық стандарттар аясында өз клиенттерін қызмет көрсетудің жоғары сапасымен қамтамасыз ету үшін, үздік тәжірибелер мен бастамаларды қолдануға тырысуда.

Полицияның басқа бастамалары мобильді полиция бөлімін іске қосуда болып табылады, яғни, туристік, халық қалың орналасқан және жұмысшы аудандарда полиция қызметін көрсету және «түймешікті бір басу арқылы сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету» бағдарламасын іске қосу.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру