Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАӘ-де жасанды ақыл саласында дамудың бірінші стратегиясы жүзеге асты

www.muftyat.kz 18.10.2017 3291 0 пікір
БАӘ-де жасанды ақыл саласында дамудың бірінші стратегиясы жүзеге асты

Вице-президент, БАӘ премьер-министрі және Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бин Рашид Әл Мактум БАӘ-де жасанды ақыл саласында даму стратегиясының іске қосылғанын мәлімдеді.

WAM мемлекеттік ақпаратық агенттігі хабарлағандай, бұл бастама үкімет қызметінің тиімділігін арттыруға және жасанды ақылды қаржыландыру  арқылы жаңартпашылық әрі жағымды орта жасауға бағытталған.

«16 жыл бұрын біз цифрлы қызмет көрсетуді іске қосқанбыз, енді бүгін жасанды ақылға негізделген жаңа кезеңге аяқ басқалы отырмыз», — дей келе шейх Мұхаммед, — «Үкімет қызметінің барлық деңгейінде үлкен тиімділікті қамтамасыз етуде әрі жеделдетуде жасанды ақылмен байланысты кез келген құралдар мен тәсілдерді қолданбақпыз» - деп жеткізді.

Дубай билеушісінің айтуына қарағанда, БАӘ жасанды ақыл  технологиясын және заңнамасын әзірлеуде басты орталық болуға тырысуда, енді өсіп келе жатқан әмірліктің жас тұрғындары «аса маңызды ұлттық мүдделерге» қол жеткізуге көмектесу үшін білім алулары тиіс.

Шейх Мұхаммедтің айтуынша, жасанды  ақыл кірісті түрлендіріп, ұлттық экономикаға жаңа мүмкіншіліктер  туғызады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру