Атырау қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мерекелік дастархан дайындалды.
Қайырымды шараға «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұровтың қолдауымен қаржылай көмек көрсетілді. Нәтижесінде балалардың құрметіне дәмді ас мәзірлер дайындалып, түрлі сыйлықтар табыс етілді.
Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға атсалысқан "Иманғали" орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев өкіл имамның ыстық сәлемін жеткізе келіп, әрдайым қайырымды істердің басы-қасынан табылуға әзір екенін айтты. Осындай игі шара ұйымдастырып, басы-қасында жүрген өкілдікке, дін қызметкерлеріне әлеуметтік орталықтың ұжымы және балақайлар ризашылығын білдірді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
17.10.2017
3724
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру