Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылманның дәрменсіз қартқа көрсеткен көмегі ел аузында.

www.muftyat.kz 17.10.2017 3691 0 пікір
Мұсылманның дәрменсіз қартқа көрсеткен көмегі ел аузында.

Малазия жасөспірімі қазіргі таңда таңсық болып көрінетін өзінің әрекетімен мыңдаған әлеуметтік желілер қолданушыларын тәнті етті. Әлеуметтік желілерде малазиялық жасөспірімнің қарт адамды қолтығынан демеп жолдан өткізіп бара жатқаны әрі біраз да болсын жауыннан көлегейлеп алақанын қарттың басына ұстап тұрған фотосуреттері пайда болған.

Бұл оқиға Субанг Джая  қаласында орын алды. Ислам дінін ұстанбайтын бозбала «Әл-Фәләқ» мешітіндегі жұма намазына қартты осы қалпында жетектеген түрде жеткізіп салған деп Free Malaysia Today сілтеме жасай отырып  IslamNews порталы мәлімдеді.

«Ақыл-ой саулығы – теріс түсінік, кемсітушілік пен қорқыныштан ада сана-сезім екенін мына бозбала дәлелдеді», — деп түсіндірген екен Facebook қолданушысы Эми Джафар. «Мұны көру қандай керемет, осындай адамдар көп болуы керек», — деп атап өткен Вей Цзи.

«Бұл жасөспірімнің ата-анасы осындай ұлдарына мақтанулары тиіс. Мұндай қайырымдылық көрсету – олардың оң тәрбиесінің нәтижесі», — деп жазған Азиза Ау есімді әлеуметтік желі қолданушысы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру