Дубай полициясы жергілікті алты полиция бөлімшесінде Wi-Fi және USB-портпен жабдықталған алғашқы «ақылды» орындықтарды орнатты.
Сапа жөнінен басшылықтың бас директоры полковник Шейх Мұхаммед Әл Муалла айтқандай, әрбір орындыққа екі зарядтау станциясы мен 4G бағдарлауышы орнатылған. Бұлардың барлығы күн батареясынан зарядталады.
«Күннің аптап ыстық кездерінде сәкілер суып және қараңғыда жарық түсіріп тұрады және өзінен-өзі жаңартып тұрады. Сондай-ақ, бұл сәкілер полиция мәліметтерін жеткізіп әрі ауа-райы туралы «хабарлап» тұратын болады», - деп сөзін жалғастырды полковник.
Дубайдың «Ақылды қала» бастамасы аясында күллі әмірлікте тағы да осындай «ақылды» сәкілер пайда болмақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
17.10.2017
3963
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру