Әбу-Дабиде Транспорт департаменті жол қозғалысын бақылаудың Al Gernas деп аталатын жаңа тәсілін таныстырды. «Ақылды» жүйенің атауы араб тілінен аударылғанда «сақа сұңқар» мағынасын білдіреді.
Жолдарды бақылау ұшқышсыз ұшатын аппараттардың көмегімен іске асатын болады. Олар шынайы уақыттағы жағдайды бақылайды, түсіріп алады әрі мәліметтерді астана көшелерін патрульдейтін орталық басқару жүйесіне және жер үстіндегі мобильді станцияларға жіберіп отыратын болады. Бұл дрондар орын алған Жол-көлік оқиғасын мәлімдеуге қабілетті.
Ұшқышсыз ұшатын аталмыш дрондар авто көлік тұрағы үшін жүргізушілердің ақы төлеген не төлемегенін анықтау үшін көліктердің нөмірлерін сканерлеп алу үшін де қолданылатын болады.
Алайда транспорт департаменті бұл бағдарламаның қашан жүзеге асатынын мәлімдемеген.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
16.10.2017
3714
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру