Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт балалар хосписіне қаражат жинауда

www.muftyat.kz 16.10.2017 3299 0 пікір
Мешіт балалар хосписіне қаражат жинауда

 

Ұлыбритания астанасы Лондон маңындағы қалалардың бірінде орналасқан мешіт жергілікті балалар хосписіне көмек ретінде қаражат жинауды бастады. 

Илфорда орналасқан Әл-Фәләқ мешіті жазылмас дертке шалдыққан әрі өлшеулі ғана өмірлері қалған балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсететін қызмет орталығына қаражат жинап беруге кірісті.

«Ричардтың үйі» деп аталатын хоспис емсіз ауруға ұшыраған балалары бар отбасыларына ақысыз түрде қызмет көрсетеді, ал мекеменің негізгі шығындары қайырымдылық қорларының жәрдем жинауының арқасында өтеліп отырады деп мәлімдеген Ilford Recorder.

«Осынау мешіттердің бізге қолдау көрсетулеріне шексіз разымыз, өйткені, негізгі шығындарымызды өтеп отырған біздің меценаттарымыздың жасаған жомарттықтары», - деп атап өтті хоспис директоры Крис Бэйкер.

«Біз көмек көрсететін балалардың тең жартысы мұсылман отбасыларының балалары, аталмыш науқан біздің қызметіміз туралы елге хабар таратуда жақсы көмек болар деп үміттенеміз».

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру