Германия Ішкі істер министрі Томас де Майзер мұсылман халқының екі үлкен мерекелерінде жұмыс күнін демалыс деп жариялауды ұсынды. Министр бұл мәлімдемесін Христиан-демократтық одақтың кездесуінде айтты.
«Мен мұсылман мерекелерін талқылауға қатысуға дайынмын. Неге елімізде мұсылман көп шоғырланған аймақтарда олардың мерекелерін демалыс жарияламасқа?» деген Майзер католик пен протестанттар өз діни мерекелерінде демалуына болатынын жеткізді.
Неміс министрінің мәлімдемесін Германияның Мұсылман орталық кеңесі де қолдады. Кеңес төрағасы Айман Мацек бұл бастаманы жүзеге асыру елде тұратын мұсылмандардың неміс қоғамында үйлесім табуына ықпал жүргізетінін атап кетті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
kazislam.kz
15.10.2017
4153
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру