Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әлемде тұңғыш рет Дубай әуежайларында виртуалды шекаралар пайда болды

www.muftyat.kz 13.10.2017 4410 0 пікір
Әлемде тұңғыш рет Дубай әуежайларында виртуалды шекаралар пайда болды

Дубай қаласының халықаралық және резиденттік істер жөніндегі Бас директораты «ақылды» туннелдерді ұсынды. Солардың арқасында, Әмірлік әуе айлағындағы төлқұжаттық бақылау рәсімін өту уақыты 15 секундқа дейін қысқартылмақ.

Gitex Technology Week көрмесінде көрсетілген жаңартпа — Дубайдың тұңғыш рет әлемде бірінші болып виртуалдық кеден шекараларын орнатуының тағы да бір қадамы. «Ақылды туннелдер – бұл төлқұжат бақылауының келешегі», - деп атап көрсетті директоратта.

«Әлемдегі бірінші биометрлік жүйе жолаушыларға түк те де істемей, жай ғана туннелмен өтуге мүмкіндік береді. Тіпті төлқұжатты көрсетудің де қажеті жоқ. Туннелде түрлерді танып білу жүйесі жұмыс жасайды, бұл жүйе бақылау рәсімін бар-жоғы 15 секундта ғана өткізеді», - деп нақтылап берген ведомство өкілдері.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру