Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Археологтар викингтердің исламға жақын болғандығына дәлелдер тапты

www.muftyat.kz 13.10.2017 4597 1 пікір
Археологтар викингтердің исламға жақын болғандығына дәлелдер тапты

Викинг дәуіріндегі қабірлерден табылған араб артефактілер тек қана талау мен тонаудың нәтижелері деп алдында айтылған болатын.

Швеция археологтары қабірге жерленген викингтің кебініне ойып жазылған Алланың атын тапқан. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, бұл викингтердің исламға жақын болғандығын дәлелдейтін «таңғаларлық жаңалық» болып табылады. 

Жібек матаның қалдықтары — ең көне араб жазуының үлгісі болып есептелінеді. Осындай жазулар екі бөлек жерленген қабірдегі кебін қалдықтарынан табылған. Бұл викингтердің жерлеу рәсіміне мұсылмандардың діні қатты әсер еткендігін білдіреді.

Жазуларда тек қана Алла Тағаланың аты ғана емес, сондай-ақ, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) күйеу баласы Әли ибн Тәлібтің де аты көрсетілген. Бұл ретте «Алла» сөзі айнадан көрінетін түрде жазылған. Ғалымдардың пайымдауынша, дұғаларды солдан оңға қарай оқуға жеңіл болу үшін жазған әрекеттері,- деп жазады РИА жаңалықтары.

Викинг дәуіріндегі қабірлерден табылған араб артефактілері — тек қана талау мен тонаудың нәтижелері деп алдында айтылған болатын.  Соған қарамастан, викингтердің мұсылман елдерімен сауда-саттық жасау нұсқасына мән берілмеген болатын, дегенмен, олардың киімдеріне жазылған арабша жазулар табылған.

Ранее утверждалось, что арабские артефакты в могилах эпохи викингов— исключительно результаты разграбления

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Әкімші | 13.10.2017 05:54

Міне керемет, мына фильмнің жаны бар болып тұр ғой...
Өйткені сол кездердегі викингтерге Андалусия (Испания) өте жақын еді